jasqazaq.kz

Ұлттық банк инфляцияның басты себебін атады

03 қазан 2017, 11:07

ҚР Ұлттық банкі 2018 жылға арналған инфляция деңгейін бекітті. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақшев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Халық пен кәсіпорындардың баға өсімін күтуі инфляцияның басты себебіне айналып отыр. 2017 жылдың тамызында инфляциялық күтілімнің сандық бағасы бір жыл бұрынғыдан 6,5 пайыз болды. Осылайша, ол 2018 жылға арналған ішкі дәліздегі мақсатты нақты инфляциядан төмен қалыптасты», — деді Данияр Ақышев. Осы ретте ол келесі жылдан бастап Ұлттық банк мақсатты бағдарларды кезең-кезеңімен төмендетуге көшетіндігін айтты. «Осыған байланысты инфляциялық күтілімді одан ары тұрақтандыруға қол жеткізу қажет. Яғни, 2020 жылға қарай инфляция деңгейін 4 пайыз мөлшеріне жеткізу керек»,- деді ол. Мұнан бөлек, Данияр Ақышев 2018 жылғы инфляциялық деңгейге қатысты болжаммен бөлісті. «Ұлттық банк осы жылдың қорытындысында инфляция мақсат дәліздің ішінде 6-дан 8 пайызға дейінгі аралықта қалады деп күтеді. Бұған қоса, Ұлттық банк 2018 жылға инфляция бойынша мақсатты бағдарды біршама төмен мәнде, яғни 5-ден 7 пайызға дейінгі аралықта бекітті. Инфляциялық таргеттеу режімі аясындағы ақша-несие саясатының барлық шаралары аталған мақсатқа қол жеткізуге бағытталған», — деді Ұлттық банк төрағасы.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде