jasqazaq.kz

ОҚО-да жалған полицей ұсталды

02 қазан 2017, 11:23

Шымкентте тәртіп сақшылары алаяқтық пен қарақшылық жасады деген күдікпен өзін полицеймін деп таныстырған ер адамды ұстады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

27 қыркүйекте Шымкент қалалық ІІД әл-Фараби аудандық полиция бөлімшесіне 30 жастағы әйел өзін полиция қызметкері етіп таныстырған белгісіз ер адамның оның дүкеніне кіріп, қорқытып, сатылымға қойылған екі ұялы телеофон мен тауарларды алып кеткенін хабарлаған. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы («Тонау») бойынша Шымкент қалалық ІІБ әл-Фараби аудандық полиция бөлімшесінің бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Жедел-іздестіру шаралары барысында әл-Фараби ауданының полиция қызметкерлері Шымкенттің 1983 жылғы тұрғынын ұстады. © ОҚО ІІД баспасөз қызметі Тергеу мәліметінше, өзін полицей етіп таныстырып жүрген ер адамның 4 тонау және алаяқтық деректеріне қатысы бар. 34 жастағы ер адам қала көшелерінің бірінде жасөспірімнің смарт-сағатын тартып алып, оқиға орнынан жасырынған. Қазіргі уақытта заттай дәлелдер тәркіленді. Күдікті қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы («Алаяқтық») және 191-бабы («Тонау»)бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде