
«МузАрт» тобына ерекше тәнті болған Атырау тұрғыны баласына топтың есімін берді. Бұл сүйінші хабармен Сәкен Майғазиев өз желі парақшасында бөліскен. Музарт есімді балақай 2016 жылдың 24 маусымында дүниеге келген. Алайда желі қолданушыларының дені баланы олай атағанын қолдай қоймады.
«Еріккендік қой. Бала өскенде өз атын айтуға ұялатын болады ғой», «Ойланбай қойылған ат деп ойлаймын», «Баланың қандай жазығы бар?», «2017 жылы туылғандарға Экспо деп қойылса таң қалмаңыз», «Әрине, МузАрт тобы өте керемет топ, үш ағамыз да жігіттің серісі, осы нар тұлғалы ағаларымыздың есімдерінің бірін беру керек еді, жақсы ниетпен жазып отырмын», — деп таңданыстарын білдірді желі қолданушылары. Ал кейбірі мұндай оғаш аттар таңсық дүние емес екенін алға тартқан. «2008 жылы Кризис деп те қойғандар болған. Осыдан 1-2 жыл бұрын кішкентай қыздың атын Ёлка деп қойған бір семьяны жаңалықтардан көрсеткен еді», — дейді желі қолданушысы.
Nur.kz