jasqazaq.kz

Қазақстандықтың «адамшошырлық» нокауты комментаторды таңғалдырды (видео)

23 шiлде 2017, 10:50

Қазақстандық файтер Арман Әшімов M-1 Challenge 81 «Битва в горах 6» кәсіби турниріндегі дебютінде қарсыласын нокаутқа түсірді.

Турнир Ингушетияның Таргим қаласында өтті, мұнда Әшімов жеңіліп көрмеген дағыстандық Гаджимурат Алиевті екінші раундта нокаутқа тұсірді. Бірінші раунда бойынша қазақстандық қарсыласына партерге өтуге мүмкіндік бермей, басымдығын танытқан. Ал екінші раундтың басында Әлиев шабуыл жасамақ болды, Арман оы кезде оң жұдырығын қарсыласын дарыта білді. Өз кезегінде комментатор қазақстандық файтердің бұл соққысына «адамшошырлық» деп баға берді. «Қарсыластың соққы жасау техникасының ақсап тұрған жерін байқадым да, сол қателікті өз пайдама асырдым. Бапкерім Нұрлан Мамырәлиевтің кеңестері жақсы көмектесті. Жекпе-жек алдында ол маған бұл кездесуде 10 соққы ішінде аяқтау туралы тапсырма берді. Мен оны орындадым», — деді Арман Әшімов. Қазақстанның ММА Ассоациациясының төрағасы Асылбек Дүйсеновтің айтуынша, турнир ұйымдастырушылары жекпе-жекке жоғары баға беріп, Әшімовпен келісімшартқа қол қоюды бірден ұсыныпты. Арман Әшімов ММА-дан Қазақстан Кубогының иегері, К-1-ден Қазақстан, Еуразия, Еуропа чемпионы, Алаш Прайд турнироерінде бірнеше рет жұдырықтасқан.

Тengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде