jasqazaq.kz

БҰҰ бас хатшысын Арал теңізінің жағдайы есеңгіретіп қойды

11 маусым 2017, 12:44

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гуттереш Арал теңізін адамзаттың қолымен жасалған күйреу символы деп атады.

БҰҰ бас хатшысы сапармен Орталық Азияда жүр. Жұма, 9 маусым күні ол Астанада өткен ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылу салтанатына қатысты. Сенбі күні Гуттереш Өзбекстанда болып, тікұшақтан Арал теңізінің акваториясын шолып шыққан. «Кезінде көлемі бойынша төртінші жабық теңізі болып, ал қазір құрғап қалған – Арал теңізіне бару қатты есеңгіретті», — делінген мәлімдемеде. Оның атап өтуінше, Арал теңізінің трагедиясы климаттың өзгеруінен емес, су ресурстарын дұрыс басқармау салдарынан болған екен. «Арал теңізі планетаның адамзат қолымен жасалған күйреу символы болып, Климат бойынша париждік келісімді орындауға бүкіл халықаралық қауымдастықты жұмылдыру үшін баршамызға сабақ болсын», — дейді бас хатшы. Арал теңізі Қазақстан мен Өзбекстанның шекарасында орналасқан. Кезінде ол аумағы бойынша дүние жүзіндегі төртінші ірі теңіз болған. Алайда соңғы 40 жыл ішінде теңіз ауданы екі есеге дерлік азайып, оның тұздылығы артқан. Балық жоқ болып кетті. 1993 жылы Орталық Азия елдері Аралды құтқару бойынша Халықаралық қор құрған.

sputniknews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде