jasqazaq.kz

Гүлзира Айдарбекова Бибігүл Төлегенованың сынына жауап берді

31 мамыр 2017, 10:36

Қайрат Нұртастың анасы ұлын «жерге» теңеген Бибігүл Төлегенованың сынына жауап берді. Гүлзира Үсенқызы Қайратты жерден алып, жерге салған сайын жүрегі тілінетінін айтты. Соған қарамастан, Бибігүл Төлегеноваға ренжімейтінін жеткізді.

Қайраттың анасы ұлының жастай сахнаға шығып, түрлі байқауларға қатысқанын атап өтті. Музыкалық білімі туралы да сөз қозғады.

«Қайрат 16 жасында Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжіне оқуға түсті. Қазақстанның xалық әртісі Лаки Кесоглудың шәкірті болып, 4 жыл сол кісінің сыныбында білім алды, 17 жасында “Арман” әні xит болып, бүкіл Қазақстанға танылды.

Қайрат бала кезінен саxнаға шығып, саxнаның киелілігін түсінген адам. Әрине республикалық конкурстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. «Бозторғай» байқауында – 1-орын, «Әнші балапанда» – 3-орын, «Әнші болғым келеді» – 2-орын, халықаралык «Шабыт» фестивалінің лауреаты, «Алматы әуені» әншілер байқауында – 1-орын, республикалык Абай окуларында – 1-орын, «Жас дарын» әншілер байқауында – 1-орын, «Саз әлемі» теле-жобалык байкауында бас жүлдені иеленді. Ресейлік «МузТв» арнасының «Ең үздік қазақстандық әнші» аталымын жеңіп алды», – деп атап өтті Қайраттың анасы.

Гүлзира Айдарбекова Қайрат пен Димаштың аға-іні ретінде жақсы араласатынын тілге тиек етті.

«Қайрат Димашты інісі ретінде жақсы көреді, сыйлайды. Әрине, араласады», – деді ол.

Бұдан кейін Гүлзира Үсенқызы Бибігүл Төлегенованың сынына жауап берді.

“Ал Бибігүл апамыздың сыны қаншалықты орынды, орынсыз екенін xалық айтады. Әр адамның өз ойы, пікірі бар.

Қайрат үшін өзінің сүйікті апайы, қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенованын екі қазақтың балаларын біреуін “көкке”, екіншісін “жерге” теңегені әрине, оңай тиді деп ойламаймын. Бірақ Құдайдың жаратқан жерінен нәр алып, жер басып өмір сүріп жүрміз, деміміз таусылғанда да жерге тапсырыламыз, сондықтан “жерге” теңегеніне аса бір қатты ренжіп отырған жоқпын.

Жалпы салыстырғанда тұрған ештеңе жоқ. Бәсеке барлық жерде болады. Айналып келгенде саралап алатын xалық! Көтеретін де xалық, өшіретін де xалық! Бауыр етің балаңды жерден алып, жерге салып жатса кез-келген ананың жүрегін пышақпен тілгенмен бірдей. Мен әрдайым сабырға келіп, балаларымның амандығын, абыройлы болғанын Алладан сұрап отырамын», – деп түйіндеді сөзін Қайраттың анасы әрі продюсері.

Еске сала кетейік, Бибігүл Төлегенова Қайрат пен Димашты салыстыруға келмейтінін айтып, Қайратты – жерге, ал Димашты көкке теңеген еді.

stan.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде