jasqazaq.kz

Қазақ радиосының «Жан жылуы» бағдарламасы арқылы кәсіпкер мүгедек балаға 40 мың доллар аударды (видео)

13 мамыр 2017, 3:39

Қазіргі қоғамда «Жан жылуын» іздейтін жандар көп. Көбісі дерттен айығуды қалайды. Еміне шипа іздейді. Жақсылықтан күдер үзбей, қоғамнан көмек сұрайды. Бұл туралы kazradio.kaztrk.kz хабарлады.

Осы орайда, Қазақ радиосының ұжымы сауапты іске себепші болуда. Бүгінгі тікелей эфирдегі ақжолтай жаңалық барша жанға қуаныш сыйлады.

106,8 FM толқынынан әр сәрсенбі және жұма күндері «Жан жылуы» хабары эфирге шығады. Бүгінгі бағдарламаға Ақмарал есімді ана хабарласты. Оның 4 жастағы Айсəуле атты баласының қос бүйрегі істен шықан. Қазір қан тазарту құрылғысының көмегімен ғана өмірін жалғастырып жатыр. Ана осы жайды айтып, тыңдармандардан көмек сұрады.

Осы хабар барысында өз есімін жарияламауды өтініп қоңырау шалған жомарт жан бүлдіршіннің ем-домына қажет 40 мың АҚШ долларын беретін мәлімдеді.

«Жақсы адамдардың бар екені даусыз. Соған тағы бір көз жеткіздік. Алдағы уақытта Айсәуленің жағдайы мен кәсіпкер көрсеткен көмекті кеңінен айтамыз»,- деді «Жан жылуы» бағдарламасының жүргізушісі Ақбаян Сапарбай.

Естеріңізге салар болсақ, «Жан жылуы» бағдарламасы сәуір айынан бастап Қазақ радиосынан шыға бастады. Хабар тыңдарманды өзгенің қайғы-мұңын көргенде айналып өтпей, қол ұшын созып, көмектесуді көздейді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде