
Алматыда ток күшінің аз болуына байланысты Байтұрсынов көшесіндегі троллейбус қозғалысы тоқтатылды.
Оның айтуынша, желідегі ток таңғы сағат 9.30-дан бері істемейді. «Біздің қызметкерлер себебін анықтап жатыр», — деді ол. Байтұрсынов көшесінде үш шақырымға созылған 17 троллейбус тоқтап қалды. Сондай-ақ, Бауыржан Құлышев жолаушылардың автобусқа тегін отырғызылғанын айтып өтті.