jasqazaq.kz

Алматы облысында бір үйдің үш баласы арықтағы суға батып кетті

10 мамыр 2017, 17:20

Алматы облысына қарасты Райымбек ауданында қайғылы оқиға орын алды. Ойнап жүрген бір үйдің үш баласы үй іргесіндегі арықтағы суға батып кетті. 

Құтқарушылардың дерегінше, 2012, 2014 және 2015 жылы дүниеге келген екі қыз бен бір ұл бала үйден 300 метр қашықтықта ойнап жүрген. Аналары үйде түскі ас дайындап жатады. Балаларының көріп келуге шыққан әкесі олардың суға батып кеткенін көрген.

Қазір аталмыш дерек бойынша іс қозғалып, тексеріс жүргізілуде.

Айта кетейік, дәл осы күні Ескелді ауданында 13 жастағы екі қыз Теректі өзеніне батып кеткен болатын. Саңырауқұлақ жинауға кеткен 2004 және 2006 жылғы қыздар үйлеріне қайтпай қояды. Балалардың кешіккеніне алаңдаған ата-аналары дабыл қағып, іздеу жариялаған. Түні бойы төңіректі шолып шыққан құтқарушылардың жұмысы еш нәтиже бермеген. Тек ертесі күні ғана олардың мәйті табылды.

qasym.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде