
Елордада өтетін ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесі қарсаңында қаланы азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында өңірлік ауыл шаруашылық жәрмеңкесін өткізу жоспарланып отыр. Бұл жәрмеңкелер 13 мамырдан бастап 1 қазанға дейін жалғаспақ.
Жәрмеңкеда сатылатын азық-түлік өнімдері нарық бағасынан 15-20 пайызға арзан бағада болады. Жәрмеңке әр аптаның сенбі, жексенбі күндері ұйымдастырылады.
Жәрмеңке маусымын Атырау, Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары ашады. Бұл жолғы жәрмеңкеге барлығы 300 тонна ауылшаруашылық өнімдері келеді. Бұл жөнінде қалалық баспасөз қызметі хабарлады.