jasqazaq.kz

Таразда жанармай бекетінде өрт шықты (видео)

29 сәуiр 2017, 17:58

Таразда ірі жанармай бекеттерінің бірінде өрт шықты. Оқиғаның видеосы Instagram желісінде жарияланды, — деп хабарлайды Tengrіnews.kz тілшісі.

Өрт Сүлейменов көшесі мен Жамбыл Тараз даңғылының қиылысында орналасқан жанармай бекетінде болды. Бұл ауданда адамдар көп шоғырланғанын айта кету керек. Куәгерлердің айтуынша, «Газель» жүргізушісі АИ-80 маркалы бензинді өз көлігінде орнатылған темір ыдысқа құйып жатқан. Бір мезетте ер адам қалтасынан телефонын алып шығып, қол шамын қосқан. Осы кезде жанармай буына тиген жарықтан от шыққан. Жүргізуші қорқып кетіп, бензин құятын шлангыны лақтырып жіберіп, көліктен секіріп кеткен. Осыны көрген станция қызметкері өрт сөндіру құрылғысымен өшіре бастаған. Жанында тұрғаны екі көліктің иелері лезде әрекет етіп, өртеніп жатқан «Газельден» автокөліктерін арырақ алып кетеді. Өртті сөндіру үшін үш балон қолданылған. Оқиғаның салдарынан екі көлік зардап шеккен. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта жанармай бекеті қайта жұмыс істеп жатыр.

В Таразе

Публикация от 🇰🇿© ZTB.KZ 2017 (@ztb_video)

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде