
Үндістанда сирек кездесетін дертке шалдыққан жігіт табылды. 21 жастағы жігіт жүзден асқан ақсақалға ұқсайды. Жасы 21-де болғанымен салмағы 20 келі ғана.
Рупеш Кумар сирек кездесетін прогерия деп аталатын генетикалық дертке шалдыққан. Басқа адамдарға қарағанда ол сегіз есе жылдам қартаяды. Сегіз миллион адамның ішінен біреуде ғана кездеседі бұл ауру.

Сырқаттың симптомдары алғаш рет сегіз жасында байқалған. Ата-анасы елдің премьер-министріне хат жазып, көмек сұрағанымен әлі жауап келмепті.

Рупештің дәрігері Югантар Пандей бұл дертке қарсы қолданатын дәрі әлі жоқ екенін, емдеу мүмкін еместігін айтады.
Қазір Рупештің отбасына жергілікті қайырымдылық ұйымы көмектесіп, қажетті дәрі-дәрмектерін жеткізіп беріп отыр.