jasqazaq.kz

Назарбаев – кәсіпкерлерге: Халықпен ақшаларыңнан кішкене бөлісіңдер

26 сәуiр 2017, 19:22

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық кәсіпкерлерді өз елінде қайырымдылық жасауға шақырды. Бұл туралы stan.kz хабарлады.

Қазақстан халқы ассамблеясының кезекті сессиясында сөз сөйлеген президент бүгінде ҚХА көптеген қайырымды жандарды біріктіретінін атап өтті.

“Біз кіші отанымыз “Туған жер” жайында айтып жатырмыз ғой. Қазір Қазақстанда бақуатты адамдар аз емес. Ол жақсы да, біз сондай қоғам жасап жатырмыз. Байысын, сонымен қосы ел байысын, адамдар жұмысқа тұрсын”, — деді Назарбаев.

Президенттің пікірінше, бақуатты азаматтар туған ауылдарына барып, мектеп, спорт кешенін, жолдар, монша, наубайхана соға алады.

“Біздің барша бизнесмендерге жүгінгім келеді: Үкімет, мемлекет сол ақшаны табу үшін жағдай жасады. Енді сол қаражаттан кішкене халықпен де бөлісіңіздер”, — деп ұсынды мемлекет басшысы.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде