jasqazaq.kz

Биылғы 3 айда 373 мемлекеттік қызметкер жемқорлықпен ұсталған

19 сәуiр 2017, 21:54

Биылғы 3 айда 373 мемлекеттік қызметкер жемқорлықпен ұсталып, жауапқа тартылған. Бұл сандарды Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев Сенат отырысында айтты.

 

Жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіруде бірқатар өзгерістер енгізу ұсынылып отыр. Квазимемлекеттік сектордағы қылмыстардың 55 пайызы сатып алулармен байланысты. Сондықтан агенттік өкілдері бұл саладағы сатып алуларды реттейтін заң қажет деп отыр. Сонымен қатар қылмыстық істердің кейбір түрін жемқорлық қылмысқа ауыстырып, жазаны да қатаңдатуды ұсынды деп хабарлайды astanatv.kz.

Алик Шпекбаев, ҚР мемлекеттік қызмет істері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары: Қылмыстық істердің кейбір құрамын жемқорлық қылмысқа ауыстыру керек. Мәселен, өзіне сеніп тапсырылған біреудің мүлкін талан-таражға салу немесе иемдену. Ол аса ірі көлемдегі мүлік болуы мүмкін. Бірақ ол жемқорлық қылмыс нормасынан түсіп қалған. Сондықтан біз мұны жемқорлық қылмысқа жатқызуды ұсынамыз. Ондай адамдар мемлекеттік қызметтен өмір бойына аластатылуы керек. Заң жобасын талқылауға қатысқан қоғам өкілдері жемқорларға деген жазаны күшейтпей, парақорлардың азаймайтынын айтты.

Нұрлан Ерімбетов, «Қазақстанның азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті: Жемқорлық үшін айыппұл төлейді бізде. Ал олардың кесірінен адамдар өліп жатыр. Балаларына көлік жүргізушісінің куәлігін сатып әпереді, олар адамдарды басып жатыр. Дипломды сатып алған дәрігер, мысалы, қанша адамның өліміне себепші болады. Біз, міне, осы тұрғыдан қарауымыз керек.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде