
Бүгін Тұңғышбай Жаманқұловтың ісіне қатысты кезекті сот отырысы өтуі тиіс болатын. Алайда танымал актердің жүрек талмасы ұстап қалғандықтан, ол кейінге шегерілген.
Бұл туралы Facebook-те журналист Сәуле Әбединова жазды.
“Бүгін Тұңғышбай Жаманқұловтың ісіне қатысты сот процесі жалғасуы керек еді… Жаңарақта “ағайды жедел жәрдеммен кардиология бөліміне алып кетті, жағдайы күрт төмендеп кетті…” деген хабар жетті. Сот процесі болмайтын шығар деп, жұмысқа қайттым. Бұл бір сұмдық болды ғой. Артының қайырын берсін!” – дейді Сәуле Әбединова.
Бұдан өзге, Тұңғышбай Жаманқұловтың басына іс түскенде тым-тырыс жатқан әріптестеріне назын айтты.
stan.kz хабарлағандай, “Республикада 50-ден астам театр бар, демек, ағайдың мыңдаған әріптестері бар деген сөз. Бірақ бәрі тым-тырыс сияқты. Тірімісіңдер?” – деп жазды ол.