jasqazaq.kz

Сапарбаев баспанасын су басқан тұрғындармен кездесті (видео)

18 сәуiр 2017, 18:03

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев су басқан бау-бақша ұжымдарын аралап, адамдармен кездесті.

Ақтөбе облысында тасқын судан зардап шегіп, қаладағы мектептерді паналап жатқан адамдар саны бір күнде 300-ге толықты. Қазір арнайы бекеттерде 900-ге жуық адам жатыр. Олардың 300-ден астамы бала. Өңірдегі төтенше жағдайға байланысты облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қысқа мерзімді еңбек демалысын күрт аяқтап, жұмысқа қайта қосылды. Арнайы мамандармен бірге қала маңындағы Вохр, Махамбетовка ауылдарын, уақытша бекеттерді аралап көрді. Қазір өзендердің деңгейі төмендегенімен, бау-бақшадағы үйлердің басым бөлігі әлі суда қалып отыр. «Қала әкімдігінің құрған арнайы комиссиясы бар. Сол комиссия әрбір үйді жеке тексеріп, шығынды анықтайды. Екіншіден, үйдің заңдылығы тексеріледі. Құжаты маңызды. Кейін комиссия шешім қабылдап, ұсыныс жасайды. Қандай көмек берілетіні сол кезде анықталады. Алдымен баспанасы заңдастырылған адамдарға көмек көрсетіледі. Кейін жағдайы төмен адамдарға қамқорлық беріледі. Мәселен, көпбалалы, мүгедек, әлеуметтік жағдайы төмен отбасы. Құрылыс материалдары беріледі. Ал тасқын кезінде мал шығыны болса, құжат бойынша өтеледі. Егер үйлер заңсыз болса, тіркелмесе, алдымен тіркеуден өтеді. Қазіргі заңға сәйкес баспанасы рәсімделмеген болса, шығын өтелмейді. Бірақ материалдық көмек беріледі»,- деді Бердібек Сапарбаев баспанасы суға кеткен Махамбетовка, Вохр тұрғындарына. Халықты сабырға шақырған облыс әкімі табиғатқа ешкімнің қарсы келе алмайтынын, өзге өңірлерде де дәл осындай жағдай болғанын айтты. «Әлі су кетіп біткен жоқ. Қарғалыдан да келеді. Соның бәрін дұрыс өткізуіміз керек. Ешқайсысыңыз көмексіз, бақылаусыз, қараусыз қалмайсыздар. Барлық нәрсе заңға сәйкес жасалады», — деді Б.Сапарбаев. Айта кетейік, Ақтөбедегі су тасқыны кезінде бау-бақша ұжымдары ғана емес, қала іргесінде Қурайлы ауыл да зардап шекті. Қазіргі уақытта бұл ауылдағы 18 үйді су басты. ҚазАқпарат хабарлағандай, соңғы мәліметке сүйенсек, өңірде барлығы 600-ден астам аула мен үйді су басты. 2 мыңға жуық адам эвакуацияланып, 69 адам құтқарылды. Ал 700-ге жуық адам туған туыстарын паналап жүр.

 

https://www.youtube.com/watch?v=-W0W7u2JD4s&feature=youtu.be

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде