
Отандық продюсер Баян Мақсатқызын жұрт тағы сынап тастады. Бұл жолы олар христиандардың Пасха мейрамына арнап арнайы тәттілер пісірген оның кіші қызы Айаруға сын айтты.
Ол желіге қызы мен анасының суретін жүктеп, Айарудың арнайы Пасха мерекесінің тәттілерін пісіргенін жазған. Алайда бұл жазбаның астына қалдырған желі қолданушыларының пікірі оның ашуына тиді.
Желідегілер оның бұл ісіне наразы болып, одан қай дінді ұстанатанын сұраған.

NUR.KZ хабарлағандай, ашуланған Баян: «Біз тіпті мереке кезінде де бір-бірімізді жұлып жеуге дайынбыз. Неткен сауатсыздық. Бала жай ғана тәттілер пісірді ғой», — деп жазды ол.