jasqazaq.kz

Ақтөбеде су тасқыны салдарынан 300-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді (видео)

16 сәуiр 2017, 16:24

Ақтөбеде Ілек өзенінде су деңгейі көтеріліп, «Госсветсеть», «Қарғалы» және «Ақсуат» бақша ұжымының ауласын және саяжайды су басты.

ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлағандай, 300-ге жуық адам эвакуацияланды. Екі мектепте 23 эвакуациялық пункт құрылды. Онда 53 адам бар, 12-сі бала. 248 адам туыстарының үйіне жеткізілді. «Аулаларды аралау жұмыстары жүргізілуде. Ілек өзенінің екі жағасында да хабарландыру тобы жұмыс істеуде. Қоғамдық тәртіп күзеті ұйымдастырылды. Әлеуметтік желі, телевидение арқылы хабарланып, смс-хабарлама жіберілуде, бақылау посттары қойылды», — деді Иманқұлов. ҚазАқпарат  хабарлағандай, су тасқынын жоюға ҰГ, Жергілікті полиция қызметі және жергілікті атқарушы органдардан 500-ден астам адам жұмылдырылды.

https://www.youtube.com/watch?v=jc1jYNnkeSw&feature=youtu.be

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде