jasqazaq.kz

Ақтөбе тұрғыны əйелін 41 рет пышақтап, мәйітін дәретханаға лақтыра салған

30 наурыз 2017, 9:39

Ақтөбе облыстық мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында отбасылық жанжалға қатысты сот отырысы басталды. Əйелін аяусыз пышақтап, малша бауыздаған Денис Кулаштың ісіне судья Нұрлан Сұлтанов төрағалық етеді. Бұл туралы nur.kz хабарлады.

Оқиға 2016 жылдың 16 қарашасында болған. Сотталушы Денис Кулаш ауырып қайтыс болған інісінің жерлеу рəсімінен кейін ішімдік ішеді. Айыптау парағында жерлеуден қайтқан сотталушының үйіне қайтар жолда дүкеннен арақ алып, əйелімен бірге отырып ішкені жазылған.

«Жерлеу рəсіміне туыстарың аз келді, сені сыйламайды» деп бірнеше рет айтқан əйелінің сөзіне ашуланған Кулаш оған асхана пышағын екі рет тығып алған. Сол кезде əйелі айқайлап көмек сұрап, қашуға ұмтылады. Күйеуі артынан қуып жүріп, тағы да бірнеше жерінен пышақ салады. Арқасымен жерге құлаған əйелінің денесіне тағы да пышақ салып, ұрып, теуіп тастайды. Алақанын пышақпен жарақаттап алған сотталушы ас үйден екінші пышақты əкеліп ұрған.

Сотталушы əйеліне 41 рет пышақ жарақатын салған

Айыптауда сотталушының əйеліне 41 рет пышақ жарақатын келтіріп, тамағынан бауыздап тастағаны айтылды. Қинап өлтірген əйелін тастап, танысына барып тағы ішеді. Алыс туысына ішіп отырып əйелін өлтіріп тастағанын айтқан. Ол сенбейді.

Түнде үйіне қайтып келген сотталушы қылмысын жасыру үшін əйелінің денесін төсек жапқышқа орап, даладағы дəретханаға тастайды. Қанға боялған киімдерді өртеп, бір пышақты дəретханаға салып жіберген. Əйелінің қаны жұққан екінші пышақты тазартып, ас үйге қайта апарып қояды. Үйін тазартып қойған сотталушы алғашында əйелін өлтіргенін туыстарынан жасырады. Сотталушы сотта кінəсін толық мойындады.

Өзімді ұстай алмадым

«Не болғанын білмеймін. Əйеліммен үш бөтелке арақты бөліп іштім. Өзімді ұстай алмадым. Оны ас үйдегі нан турайтын пышақпен өлтірдім. Қанша соққы бергенім есімде жоқ. Тамағынан солдан оңға қарай кестім. Қан көп кетті. Əйелім: «Сен не істеп жатсың?» дегенде ғана есімді жидым. Кеш болды. Денесін дəретханаға тастап, барлық жерді жуып қойдым. Есікті жауып, үйде тағы іштім. Ұйықтай алмадым. Əйелім түсіме кірді. Бəрі қас қағым сəтте өтті», — дейді Кулаш.

— «Қалай қас қағым сəт? 41 рет пышақ салғансың. Оны 1-2 минутта жасау мүмкін емес. Сіз сиыр, қой, шошқа сойып көрдіңіз бе?», — деп сұрады судья Сұлтанов.

— «Иə…»

— «Олар қиналмасын деп бірден өлтіреді. Солай емес пе? Сіз не істедіңіз? Менің түсінгім келеді. Көмек сұрағанына қарамастан неге қинадың», — деген сот төрағасына сотталушы «Ол кезде не істегенімді түсінген жоқпын» деп жауап берді.

Дəретханада жатқан əйелдің денесін пəтер иесі тауып алған. Полиция мен туыстарына хабар берген. Сотта куəгерлерден жауап алынды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде