jasqazaq.kz

Қызылорда облысында тасқыннан мал қырылып жатыр

29 наурыз 2017, 22:37

Қызыл су басып жатқан Қызылорда облысындағы ауылдардың жағдайы қиындай түсті. Әсіресе, Қазалы ауданындағы жағдай мүшкіл. Мұнда бірнеше елді-мекенді су шайып кеткен. Соның салдарынан тұрғындар төрт түлiктерiнен айырылып, қыруар шығынға батып жатыр.

Кtk.kz  хабарлағандай Сырдария өзенінің арнасынан асуына Басықара су торабындағы мұз кептелісі себеп болған. Адасып аққан су шаруа қожалықтарын шайып кетіпті. Бастары аман қалғанымен, қыруар шығынға ұшыраған ауылдықтар тасқынды өздері таспаға түсіріп алған. Сайда орналасқан қоралар толығымен қызыл су астында қалыпты. Малдың көбі суға тұншығып қатса, кейбірі биіктеу жерге дейін жүзіп барған екен. Тасқыннан негiзiнен Қазалы ауданындағы Басықара, Сарыкөл және Құмжиек ауылдары зардап шегуде. Аудан орталығымен байланыстыратын жолдарды су шайғандықтан, қатынас та жоқ. Апат аймағындағы жұрт мамандардың алдын ала ескерту жасамағанына қапалы. Ал шенеуніктер судың қанша жерге таралғанын және келтірілген шығын көлемін есептеуге кірісіп кетті. Қызыл су басқан аймақта кеше төтенше жағдай жарияланғанын айта кетейік.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде