jasqazaq.kz

Алматыға пәтер алуға келіп, бар ақшасын ұрлатып алды (видео)

29 наурыз 2017, 14:32

Тараз тұрғыны Алматы қаласында пәтерге жинап жүрген ақшасын көлігінен ұрлатып алды. Қылмыскерлер автомобильдің терезесін шағып, ақшаға толы сөмкені қолды қылған.


Оқиға түнгі сағат 10 шамасында, «Самал» шағын ауданында болған.

Тараздық жігіт Алматыға пәтер сатып алу үшін өзінің көлігімен келген.

Жігіт көлікпен келе жатып Достық даңғылынан жоғары орналасқан Қарасай батыр көшесінің бойынан тоқтап, су алу үшін дүкенге кіріп кетеді. Қайтып оралғанда жігіттің төбесіне жай түскендей күй кешкен.

Жігіт Camry көлігінің артқы терезесі сынғанын көріп, кейін ішіндегі барсеткасының да жоқ екенін байқайды.

Сөйтіп қомақты қаржыны қолды қылған қарақшылар тез арада ізін суытқан. Жинаған ақшаға Алматыдан пәтер сатып алмақ болған жігіттің ақыры сөйлеуге шамасы келмей қалады. Ұрылар жігіттің көлігінде қомақты ақшаның барынан хабардар болған деседі.

Көлік иесінің автомобиль салонынан шыққанын аңдып жүрген ұрылар тез арада ақша толы сөмкені ұрлап, ізін суытқан. Жағдайға қарағанда, бұл жерде өз ісінің мамандары жұмыс істеген сыңайлы. Бұл туралы  patrul.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлады. Төтенше жағдай орын алған жерге Медеу ауданының криминалды полициялары келген. Бұл іске қатысты тергеу амалдары да басталды.

https://www.youtube.com/watch?v=LuLXuhX1VPk&feature=youtu.be

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде