jasqazaq.kz

Ұйымдасқан қылмыстық топтың 14 мүшесі ұсталды

28 наурыз 2017, 23:00

 

Таразда әйел жетекшілік еткен қылмыстық топ ұсталды. Өңшең көрші-қолаң мен ағайын-туыстан құралған топтың 14 мүшесіне есірткі саудасымен айналысты деген айып тағылып отыр. Ал өзге сыбайластарына іздеу жарияланған.
Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының өкілдері осы қылмыстық топтың ізіне өткен жылдан бері түскен. Содан күні бүгінге дейін жүрген-тұрғанын аңдып, ақыры қолға түсірді. Ұсталған 14 адамның алтауы – әйел. Бәрінің үйлерін тінту кезінде, жалпы көлемі екі жарым келі героин шықты. Ал қылмыстық топты 51 жастағы сыған әйел басқарған. Ктк арнасы хабарлағандай, істі болған ол Қырғызстаннан есірткіні өзі тасымалдап жүріпті. Апта сайын жүйелі түрде героин жеткізетін топ жетекшісінің Қордайдағы шекара бекетінен қалай өтіп келгені түсініксіз. Бір көшенің бойында тұрған көршілер, кейбірі бір-біріне туыс болып келетін күдіктілер қазір тергеу қапасында жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде