jasqazaq.kz

Тоқтар Төлешовтің жүргізушісі сотталды

28 наурыз 2017, 22:18

Шымкентте Тоқтар Төлешовке қатысты іс бойынша соңғы адам сотталды.


Бірнеше жыл бойы «сыра королінің» жүргізушісі ретінде тіркеліп, қылмыстық топтың құрамында болды делінген Руслан Іргебаев енді үш жылын түрмеде өткізуі тиіс.

КТК арнасы хабарлағандай, тергеу басталған сәтте онкологиялық сырқатына байланысты ота жасатқан 35 жастағы азамат осыған дейін ауруханада жатқан. Сондықтан үкімін өзге сыбайластарынан кеш естіген Іргебаевты сот «қылмыстық топтың құрамында болғаны үшін», «адам ұрлау» және «кісі қинау» баптары бойынша кінәлі деп тапты.

Ал үкімнің жұмсақтығын судья Руслан Іргебаевтың адамды қинауға тікелей қатыспағанымен түсіндіреді. Яғни ол Төлешовтің баскесерлерін тасып қана жүріпті.

Айта кетсек, Шымкент сырасының қожайыны болған Тоқтар Төлешов 16 түрлі ауыр қылмыс бойынша айыпталып, былтыр қарашада 21 жылға сотталған болатын.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде