
Қазақстанның қылмыстық кодексінде жақында жаңа бап пайда болып, онымен қоса өлім жазасын енгізулері мүмкін.
Қылмыстың жаңа түріне бастамашылар өмір бойы бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасын қарастырмақ. Оның өзі қосымша шаралармен: мүлкін тәркілеу және азаматтығынан айыру.
Бұл жаңалық қызу талқыға түсіп қана қоймай, меморандумдардың құрылуына да себепші болды. Желі қолданушылары өлім жазасынан кейін, не себепті азаматтықтан айыратындарын түсінбейді. Аталған норманы парламенттегілердің өзі де түсіндіре алмады.
«Қазір маған ешнәрсе түспеді, менің хабарым жоқ»- дейді Мәжіліс және парламент депутаты Нұрлан Дулатбеков.
«Мен бұл заң жобасын әлі көрмедім, бізге оны енді енгізеді. Екіншіден, өз ойымды айтатын болсам, мен өлім жазасына қарсы адамдардың бірімін», — деді мәжіліс депутаты Бақытжан Әбдірайым.
Электронды үкімет порталынан жаңа заң беті жоғалып кеткен.
nur.kz хабарлағандай, заңның түпкі мақсатын әділет министрлігінің өзі де түсіндіре алмады. Баспасөз қызметінің уәдесі бойынша, жақында сарапшылар қазақстандықтардға «мемлекеттік өмірлік маңызы бар қызығушылықтарды» қалай анықтау қажет екенін түсіндіретін баспасөз жиыны болуы тиіс.