
Нұрсұлтан Назарбаев қаржы орталығын құру және оны тиімді басқару тұрғысынан Біріккен Араб Әмірліктерімен тәжірибе алмасудың маңыздылығына, сондай-ақ DIFC пен Астана халықаралық қаржы орталығы арасында тығыз қарым-қатынас орнату қажеттігіне тоқталды.
Дубай әмірлігінің билеушісі бұл бағытта іс-қимыл орнатуға толық дайын екенін жеткізді. Қазақстан Президенті исламдық қаржыландыру ісін дамытып, оны енгізуге айрықша үлес қосқаны үшін шейхқа алғыс білдірді. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындықтың аяқталғанын, кейіннен көрме нысандары Астана халықаралық қаржы орталығының жұмысы үшін пайдаланылатынын айтты. tengrinews.kz сайты хабарлағандай, кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Премьер-Министрін Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылуына шақырды.