
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы кезекті жекпе-жегін АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткізді.
Орта салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын отандасымыз америкалық былғары қолғап шебері Риарус Дадлиді техникалық нокаутпен ұтты.
Осылайша, 25 жастағы боксшы кәсіпқой рингтегі бесінші жеңісіне қол жеткізді.
baq.kz сайты хабарлағандай, 18 наурыз күні қазақстандық боксшы Айдар Шәрібаев мексикалық панчер Габино Котойды нокаутқа түсірген болатын.