
Ұлыбинания парламенті маңына ондаған жаралы адамдар жатыр, деп хабарлайды Reuters агенттігі. Британдық БАҚ-тардың соңғы мәліметтері бойынша, полиция парламент ғимаратында қолына пышақ ұстаған адамды атып өлтірген. Ал мұның алдында Вестминстер көпірінде машина бес адамды қағып, қоршауға соғылған. ВВС орыс қызметінің атыс кезінде ғимаратта болған журналист Кевин Шофилдке сілтеме жасап хабарлауынша, сырттан қатты соққыға ұқсас дыбыс, артынша адамдардың айқай-шуы естілген. Тілші белгісіз біреудің полицейге шабуыл жасағанын көрген, сондай-ақ қаруланған ер адамды байқаған. Бұдан соң оқ атылып, көшеде қаруланған полиция қызметкерлері пайда болған. Сонымен қатар ол парламент ауласында біреуге алғашқы медициналық жәрдеп көрсеткенін көрдім деп сендіреді.
ҚазАқпарат