jasqazaq.kz

Майк Тайсонды жеңген 48 жастағы Қазақстан тумасы кәсіпқой рингке қайта оралмақшы

22 наурыз 2017, 16:35

Кәсіпқой бокстан аса ауыр салмақта бұрынғы әлем чемпионы 48 жастағы ресейлік Олег Маскаев осы көктемде шаршы алаңға қайта оралуды жоспарлап отыр.

Кезінде атағы әлемге танылған боксшының 1969 жылы Қазақстанның Абай қаласында туғанын айта кету керек.

«Әзірге спортпен қош айтысу жоспарымда жоқ. Мен бабымдамын, үнемі залда жаттығу жасап жүрмін. Егер промоутермен ортақ тіл таба алсам осы көктемде кездесу өткіземін», — деді ардагер боксшы. Ол биыл 2 наурызда 48 жасқа толған болатын. Бұл туралы nur.kz хабарлады.

Айта кетейік, 2006-2008 жылдар аралығында Маскаев Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBC) тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын иемденді. Ол өз заманында Майк Тайсон, Хасим Рахман сынды мықтыларды жеңген.

Бокстағы соңғы жекпе-жегін 2013 жылы британдық Дэнни Уильямсқа қарсы өткізіп, ұпай саны бойынша жеңіске жеткен болатын. Мұнан кейін ол ұзақ уақытқа демалысқа кетті.

Жалпы, Олег Маскаев кәсіпқой бокстың шаршы алаңында 46 жекпе-жек өткізіп, оның 39-да жеңген (28 нокаут) және жетеуінде жеңілген.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде