
Қазақстандағы АҚШ елшісі Джордж Крол дастархан басына жиналған халықтан Наурыз көже туралы аңызды айтып беруді өтінді. Әдеттегідей, Крол бастан-аяқ қазақ тілінде сөйлеген.
Ал елшінің бұл сұрағына қазақтың ұлттық киімін киген кішкентай қыз бала жауап беріп, Наурыз көженің қалай дайындалатынын бастан-аяқ түсіндіріп берді.
Үстіне шапан киген АҚШ елшісі Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтады.