
Көкшетаулық 21 жастағы бойжеткен жасырын түрде түсік тастап, сәбиінің мәйітін ешкімге айтпай сөреге жасырып қойған.
«Бойжеткеннің денсаулығы нашарлап, емханаға барар жолда бар шындықты ата-анасына айтады. Бойжеткен жалғыз өзі болғанда түсік тастаған. Ал, нәрестенің мәйітін сөреге тығып қояды. 21 жастағы бойженткен ата-анасына шындықты айтудан қорыққандықтан осылай істегенге ұқсайды. Шала туған сәби бар-жоғы 25 апталық болған”, – дейді Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнар Пинчук.
Қазіргі уақытта осы іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы stan.kz хабарлады.