jasqazaq.kz

Ақтөбеде тұтқында болған бойжеткен өз өмірі үшін алаңдаулы (видео)

20 наурыз 2017, 13:05

24 жастағы Абылай Тлеуовтің тұтқыны болған Ақтөбедегі «Жемчуг» тіс емханасының әкімгері БАҚ-пен өткен брифинг барысында полицейлердің арқасында аман қалғанын айтып, алғысын білдірді.

Әсем есімді бойжеткен өзінің әлі де қорқатынын айтады. Бетін бүркеп алып келген ол тегін атамауды сұрауды. Бұл туралы nur.kz жазды.

Әсемнің айтуынша, телеарналардан келіп сұхбат алған журналистер өз сөзін өзгертіп жеткізген.

«Болған жағдайдың барлығын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Өте қорқынышты болды. Полицейлердің әрекетін сөгетін мен емес. Мен оларға тек алғыс білдіремін. Аман қалғаныма қуанамын. Бұдан басқа айтарым жоқ», — деді ол.

Кадрларда Абылай Тлеуов тұтқынға алған қыздың қолын қатты ұстап, пышақпен қорқытқанын көруге болады. Жігіт өзінің бұрынғы әйелі Шолпанды өлтіру үшін алдына алып келулерін бұйырған.

24 жастағы Абылаймен болған келіссөздер еш нәтиже бермеген соң полиция қызметкерлері оны өлтіруге шешім қабылдады.

Енді көз жұмған жігіттің туыстары полицейлердің оны өлтіру туралы шешімді ерте қабылдап қойғандарын айтып наразылық білдіруде.

Олар жігітке оқ атпай тұрып, Абылай өз еркімен берілуге әзір еді деген пікірде.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді