jasqazaq.kz

Футболшы қолтырауынның жемтігіне айналды

19 наурыз 2017, 19:18

Мозамбиктің жас футболшысы Эстевао Альберто Жино қолтырауынның құрбаны болды. Бұл туралы Facebookтегі ол ойнаған «Атлетико Минейро де Тет» клубының ресми сайтында жазылды.

«Біз ойыншымыз, досымыз, қорғанысымыздың мықты буыны, футболдағы болашағы жарқын, небәрі 19 жастағы Эстевао Альберто Жиноның өліміне қатты қайғырудамыз. Кеше ол Замбези өзені жағалауында қолтырауынның құрбанына айналды»,-делінген хабарламада. ҚазАқпарат хабарлағандай, клубтың менеджері Эди Карвальоның сөзін келтірген 101greatgoals.com порталының жазуынша, қолтырауын өзеннен атып шығып ойыншыны тістеген күйі суға алып кеткен. Сол кезде қатты айқайды естіген жанындағы екі досы қатты қорыққандықтан ешнәрсе істей алмаған. Қолтырауынның ұзындығы бес метрден асады.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде