jasqazaq.kz

Шымкентте түтінге тұншығып, екі адам қаза тапты

19 наурыз 2017, 15:57

Шымкентте түтінге тұншығып, екі адам қаза тапты. Қайғылы оқиға қаладағы тұрғын үйлердің бірінде болған. Өңірдің төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, келеңсіз жағдай күндізгі сағат 11-лер шамасында орын алған. 55 жастағы тұрғын бөлмесінде темекі тартып жатып, ұйықтап кеткен. Нәтижесінде төсек орын өртеніп, үйдің ішін көк түтін басқан. Көрші бөлмеде жатқан 80 жастағы зағип қария да иістен уланып, жантәсілім еткен. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметі жетіп, жалынды ауыздықтады. Жедел жәрдем қызметі мәйіттерді алып кеткен. Қазір қалалық төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері мен полицейлер қайғылы оқиғаның себеп-салдарын анықтауда.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде