jasqazaq.kz

Салық төлемей жүрген жұлдыздар кімдер?

19 наурыз 2017, 11:26

Бүркіт, Бейбіт Қорған және «Сұңқар» тобының мүшесі Тастан Асылбек Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті жариялаған борышкерлердің тізімінде жүр.

\
Тізімге жалпы сомасы 7 миллиард теңгеге көлік, жер және мүлік салығы бойынша қарызы бар 250 265 жеке тұлға енгізілген.

«Борышкерлердің қатарында отандық эстрада жұлдыздары бар. Мәселен, әнші Бейбіт Қорғанның көлік салығы бойынша қарызы — 178 614 теңге, әнші Бүркіттің көлік салығы бойынша борышы —151 279 теңге, «Сұңқар» тобының әншісі Асылбек Тастанның көлік салығы бойынша қарызы — 17 960 теңге», — деп атап өтті департаменттегілер.

Барлық салық төлеушілерге ескерту жіберілді, бұған қоса әлеуметтік желілер арқылы да борышкерлер құлағдар етіледі. Мемлекеттік кірістер департаменті жеке меншік салығын төлеу мерзімі 31 қазанда, ал көлік салығының мерзімі 31 желтоқсанда өтіп кеткенін еске салады.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан сайты хабарлады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде