
Екінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдар Шәрібаев мексикалықты нокаутқа түсіріп, бесінші жеңісіне қол жеткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.
Жерлесіміз бесінші жекпе-жегінде 23 жастағы мексикалық Габина Котамен (19-7-1, 17 КО) айқасты. АҚШ-тың Тамп қаласында өткен бокс кешінде отандасымыз қарсыласын бірінші раундта-ақ бірнеше соққы жасап, нокдаунға түсірді. Бесінші раундта Габина Кота кездесуді жалғастырудан бас тартып, техникалық нокаут тіркелді.