
Американың Эйвондейл қаласында 25 жасар қызды белгісіз азамат жауыздықпен ұрланған. Бірақ жанармай бекетінде қыздың қашып құтылған сәті бейнетаспаға түсіп қалған. Жәбірленушінің айтуынша қаскөй оның үйіне келіп ақша талап еткен. Алайда, бойжеткен оған көмектесе алмайтынын айтқан кезде, қылмыскер тапаншамен қорқытып жүк салғышқа күштеп жатқызыпты. Бұл туралы segodnya.ua сайтына сілтеме жасап jasqazaq.kz хабарлайды.
Сәтін салып қашудың жолын тапқан жәбірленуші жүк салғыштан секіріп түсіп, жанармай бекетінің қызметкерлерінен көмектесуін сұрап, болған жағдайды айтқан. Сол сәтте оған көмек көрсетіліп, полиция қызметкерлеріне хабар беріледі. Шошынған бойжеткен ауруханаға жеткізіліп, қылмыскер іздестірілуде.
https://www.youtube.com/watch?v=TS1CdLlpjoc&feature=youtu.be