jasqazaq.kz

Мектеп су жаңа, бірақ жылуы жоқ

15 наурыз 2017, 22:15

Су жаңа мектеп суық болып тұр! Алматы облысы Бәйтерек ауылындағы былтыр ғана пайдалануға берілген білім ошағы қыс ортасынан бері жылуға жарымай келеді. Сабақта қалың киіммен отыратын оқушылардың кейбірі тіпті ауырып, сабақтан қалып жатыр екен. Ал бұл олқылыққа басты себеп, мектепті жылытатын жағармай қоры таусылып қалған.

Бір қарағанда әдемі көрінетін мына орта мектеп былтыр пайдалануға берілген. Яғни бірінші рет оқу жылын өткізіп жатыр. Тек қыс ортасынан бері мекеменің ішкі температурасы біраз төмендеп кетіпті. Оның зардабы оқушыларға тиіп, кесірінен ауру тауып жатқандар көп екен.

Алмагүл Жайлаубаева, Бәйтерек ауылының тұрғыны:

-Қызым қыста бір ауырған. Енді тағы ауырып қалды. Дәрігерге көрсетсек, біраз дәрі жазып берді. Қыруар ақшамыз сол дәрі-дәрмекке кетіп жатыр. Тіпті қызымның емі үшін несие алдым. Кеше түнімен тағы жөтеліп шықты.

Үш қабатты ғимараттың төменгі екі қабаты ғана сабақ өткізуге қолайлы болыпты. Ата-аналардың айтуынша, жылудың қауқары бүкіл мектепке жетпейді. Оны оқушылар да растап берді. Мектепте сырт киімін шешпей жүргендер жетерлік. Оған мұғалімдер де түсіністікпен қарайтын сияқты.

-Мектеп басшылығының айтуынша, бұл білім ошағының жылу жүйесі өзгелерден ерекше екен. Яғни, әдеттегі мектептерге ұқсамайды. Енді сол ерекше жылу жүйесіне ауданнан бөлінген жағармай мөлшері жыл аяғына дейін жетпей қалыпты. Соның кесірінен, мынадай жылу батареялары сәндік үшін ғана тұр.

Ал мектеп ұжымын жылуға жарытпай, осынша әуреге салған о бастағы құрылысшылар екен. Олар ғимаратқа жылу жүйесінің ескі жобасын жүргізіпті. Ал оған отын әдеттегіден көп керек. Бірақ ауданнан бюджет бөлінгенде бұл мәселе ескерілмей қалған.

Шымберген Пірімбаев, Бәйтерек орта мектебінің директоры:

-Сондықтан осы мектептің құрылысын жүргізген фирмамен бірігіп жобалау институтына бардық. Солар арқылы жүйенің біраз жерін өзгерттік.

ktk.kz хабарлағандай, басшы келер жылы ешкімді тоңдырмаймыз деп отыр. Ал әзірге мыңға тарта оқушыны сыйдырып отырған жерді жылудан кем қылмас үшін мектеп директоры аудан арқылы қосымша жағармай қорын табуға кіріскен.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде