jasqazaq.kz

Месси “Барселонаның” бапкері қызметін атқаратын болды

15 наурыз 2017, 11:31

“Барселона” шабуылшысы Лионель Месси биылғы маусымның соңына дейін команданың бапкері қызметін атқаратын болды. Әрі алаңға да шығады.

Команда “Депортиводан” 1:2 есебімен ұтылғаннан кейін, басшылық пен жанкүйерлердің қолдауына ие аргентиналық ойыншы мадридтік “Реалды” басып озатын жоспар құрып шыққан. Оның ойынша басты бәсекелестерімен болатын бір ғана ойында жеңіске жету, олардың Испания чемпионатында алтынға қол созуына мүмкіндік береді.

Месси бұл ретте команда құрамы мен тактикасына басты жауапты бас бапкер Луис Энрикенің жұмысына көңілі толмайтынын байқатқан. Бұл туралы stan.kz Diario Gol басылымына сілтеме жасап хабарлады.

2 наурыз күні Энрике маусым біткен соң командадан кететінін айтқан еді. Оның басшылығымен команда екі мәрте Испания чемпионы атанып, екі рет ел кубогын ұтып алды. Сонымен қатар, 2015 жылы Чемпиондар Лигасын, УЕФА Суперкубогын және клубтар арасындағы әлем чемпионатын ұтты.

Қазір “Барселона” 27 турдан кейін екінші орында келе жатыр. Команда қоржынында 60 ұпай бар. Көшбасшы “Реал” католониялықтардан екі ұпайға озып кеткен. Әрі олардың тағы бір ойналмаған матчы бар.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде