
Көңілдесімен құшақтасып отырған күйеуін кафеден ұстап алған ызалы әйел сол жерде төбелес шығарды. Оқиға Бразилияның Рио-Верде қаласында ақпан айында болған. Әйел қаладағы кафелердің бірінде екі әйелмен отырған күйеуін көріп қалады. Олар бір-бірімен әңгімелесіп, ішімдік ішіп отырыпты. Ер адам әсіресе, әйелдердің бірімен тым жақын араласатынын байқатып қойған. Бұл туралы stan.kz хабарлады.
Ұзақ ойланбастан әйел кафеге кіріп барып, күйеуінің басынан жұдырықпен ұрып, ал оның көңілдесін шашынан сүйрейді. Кейінірек оларды ажырату үшін кафеге келушілер де жанжалға араласып кетеді.