jasqazaq.kz

Жауынгер өз өлімімен өлмепті

14 наурыз 2017, 18:16

Қайғылы оқиға 10 наурыз күні Ақтаудағы 29011 әскери бөлімінде орын алған еді. Борышын өтеп жүрген Мақсат Шишімбаевті Қорғаныс министрлігі өзіне қол жұмсаған деп мәлімдеген. Кейін байқаусызда өзін атып алды деген болжамын айтты. Алайда, сот-медициналық сараптама 18 жастағы бозбаланың өлтірілгенін анықтап отыр.

Мақсаттың туыс ағасы Ерлан Дұрыскелдиновтің айтуынша, қостанайлық сараптама Мақсаттың кісі қолынан қаза тапқанын растаған. Қазір марқұмның туыстары осынау медициналық сараптаманың нәтижесін қолына алып, шағымдануға дайындалып жатыр.

«Азаптап өлтірілген. Басынан үш рет атқан. Мен Ақтауда осы біздің іспен айналысып жатқан тергеушілермен сөйлестім. Олар оқиға орнынан 3 гильзаның табылғанын айтты. Енді біз мұны жайдан-жай қоя салмаймыз. Мақсатты жерлеп болған соң Ақтауға барып, оқиғаның қалай болғанын анықтамақпыз және кінәлілердің жазалануын талап етеміз», — дейді марқұмның ағасы.

Сaravan.kz сайтының хабарлауынша Мақсат Шишімбаевты туғандары бүгін өзінің туған жері Қостанай облысы Қарабалық ауданында жер қойнына тапсырды. Ол үйінің үлкені болатын.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде