jasqazaq.kz

А. Мырзахметов: Қытай алып нарық. Оны қаншалықты пайдалана аламыз?

28 мамыр 2016, 13:05

1

Бүгін Астанада өтіп жатқан Жер реформасы жөніндегі комиссияның үшінші отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Қытай нарығына қатысты өз пікірін білдірді. 

Ол «Жалпы, Қытай елі іргеміздегі алып нарық. Ал енді біз оны қаншалықты пайдалана аламыз? Көрші бола тұра, мүлдем алыс-беріс, сауда-саттық жасамай тұра алмайтынымыз тағы белгілі. Сондықтан да біз шығыстағы көршілерімізбен байланысымызды мұқият әрі аса ұқыптылықпен реттестіре отырып жүргізуге мәжбүрміз, — деді.

Министрдің сөзін толықтыра түскен Премьер-министрдің бірінші орынбасары, Комиссия төрағасы Бақытжан Сағынтаев да Қытаймен арадағы сауда-экономикалық қарым –қатынасқа тоқталды. Б. Сағынтаев: «Біздің ешбір заңымызда жеріміздің сатылатыны мүлдем көрсетілмеген. Ертең біз ел аралап, жұртшылықпен кездесуде осы мәселені дұрыстап түсіндіруіміз қажет. Ал енді біз Қытай нарығын қаншалықты тиімді пайдалана аламыз? Бұл енді өте өзекті. Мысалы, біз былтыр Қытайға бар-жоғы 6 мың тонна бидай сата алдық. Әупірімдеп жүріп 6 мың тонна етімізді Ресейге өткіздік. Біздің таза, табиғи өнімдерімізге Қытай тарапынан аса үлкен мөлшерде сұраныс түсуде. Бізге неге сол сұранысты қанағаттандырмасқа? Қазақстанның мүмкіндігі бар ғой. Зерттей келсек, шығыстағы көршімізге 400 мың тонна ет керек екен. Ал осыны жүзеге асырайық. Сол сияқты бір кездері қытайлар Ббидайыңды қапқа салып жеткізіп бер» — деп талап етуші еді. Айтысып-тартысып жүріп ондай шартын алдырып тастадық. Қазір жүк көлігімен бе, вагонмен бе, мүмкіндігің бар болса экспортқа шығара бер, — деді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде