jasqazaq.kz

Түрмеге есірткіні сарымайға салып кіргізбек болған

02 наурыз 2017, 13:14

Тараз қаласында орналасқан жалпы режимдегі ЖД-158/2 түзеу мекемесінде күшті әсер ететін есірткі затын өткізбек болған әрекеттің жолы кесілді.

BNews.kz хабарлағандай, «осы жылы күшті әсер ететін есірткі заты бірінші рет тәркіленіп отыр. Сотталған жолдасымен кездесуге келген әйел адамның азық-түлік заттарының ішінде «Шедрое лето» сарымайына қызметкерлер ерекше назар аударған. Әдеттегідей тәртіп сақшыларының қырағылығының арқасында тамақ өнімінің ішінен 5 кішкентай түйіншек табылды. Сот-химиялық сараптама алынған заттың героин екенін анықтады», — дейді аталған өңірдің қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз-қызметі.

Осыған ұқсас жағдай Шығыс Қазақстан облысында да орын алған. Сотталғанға келген заттарды тінту барысында рентген аппараты арқылы ОВ-156/18 мекемесінің қызметкерлері сабын, шай, темекі заттарының ішінен целлофан қалтасына оралған есірткі заттарын тапты.

Аталған фактілер СДТБР-не тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде