
Бүгін «Ермегияев сотында» айыпталушылар прокурорлармен мәмілеге келді. Айыпталушы орындығында отырған 24 адамның 14-і тергеу органымен мәміле жасасты. Олар алдағы уақытта тергеуге көмектесіп, сот процесінің көп ұзамай аяқталуына септігін тигізеді. Атап айтарлығы, процессуалдық шешімге қол қойғандардың ішінде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ бұрынғы басшысының экс-кеңесшісі Қажымұрат Үсенов те бар.
Төлен Тілеубай
Астана