jasqazaq.kz

Қазақтың үш бірдей батыр қызына ескерткіш орнатылады

01 наурыз 2017, 14:58

Орал қаласында қазақтың үш бірдей батыр қызы, Кеңес Одағының Батырлары Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және Халық қаһарманы Хиуаз Доспановаға ескерткіш орнатылады. Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Дәулеткерей Құсайыновтың айтуынша, бұл мәселе 2015 жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай көтерілген болатын. Соның сәті биыл түсіп отыр. Арнайы комиссия белгілі мүсінші Нұрлан Далбайдың жобасын таңдап алды. Биіктігі бес метрге жететін композицияда ортада Мәншүк Мәметова, екі жағында Әлия Молдағұлова мен Хиуаз Доспанованың бейнелері сомдалған. Қазіргі кезде Астанада қоладан құйылып жатқан ескерткішті орнату жұмысына облыстық бюджеттен 139 млн. теңге қаралған. Композиция М.Мәметова ескерткіші тұрған алаңға орнатылады. Ал Мәншүктің ескерткіші қалпына келтіріліп, батыр қыздың туған жері Бөкей ордасы немесе Жәнібек ауданының біріне қойылады.

 

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде