jasqazaq.kz

В.Путин: Қырғызстанға әскери база қажет болмаса…

01 наурыз 2017, 12:16

Ресей президенті Владимир Путин Орталық Азиядағы үш мемлекетке сапары аясында 28 ақпанда Бішкекте Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесті. Екі елдің басшылары бірлескен баспасөз конференциясын өткізіп, мемлекет басшыларының кездесуінде РФ мен Қырғызстан арасындағы әріптестік мәселелері талқыланғанын мәлімдеді. «Бұл туралы Орталық Азия хабар қызметі» жазады.

qazaqtimes.kz хабарлағандай, кездесуде Кант қаласында ресейлік әскери базаны кеңейту мәселесі талқыланбаған — мемлекет басшылары қырғыз әскерін нығайту және қару-жарақ жеткізу мәселелерін қараған. Атамбаевтың айтуынша, Ресей Қырғызстан қарулы күштерін нығайтуға көмектескісі келеді. Путин Кант қаласындағы ресейлік базаның пайда болу тарихын еске салып өтті.

«Ол қырғыз басшылығының сұрауымен 1999-2000 жылдары пайда болды. Сол кезде Қырғызстан халықаралық террористердің шабуылдарына тап болды, олар мұнда Ауғанстаннан келген еді. Сол кезде Қырғызстан басшылығы менен тез арада әскери контингент орналастыруымды сұрады», — деді ол.

Владимир Путиннің мәлімдеуінше, Ресей Қырғызстан өтінішімен базаны алып кетуге дайын. «Қырғызстан қарулы күштерін жеткілікті деңгейде нығайттық, база енді қажет емес дейтін болса, онда біз сол күні кетеміз», — деді Ресей басшысы.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде