jasqazaq.kz

Ерлан Сағадиев: Әрбір сыныпта Wi-Fi болады

28 ақпан 2017, 11:51

Алдағы жаңа оқу жылынан бастап мектептегі әрбір сыныпта Wi-Fi болады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты.

«Еліміздің мектептеріндегі интернетті орталықтандыру керек. Сондай-ақ барлық сыныпқа Wi-Fi қондыру қажет. Бұл өте маңызды. Мұндай аппарат орнату аса қымбат емес. Қазіргі кезде 7 000 мектепте интернет орнатылған. Соның ішінде жылдамдығы 4 Мб/с асатын интернет тек 2000 мектепте ғана бар», — деді Ерлан Сағадиев.

Baq.kz хабарлағандай, министр сондай-ақ балаларға арналған жаңа деңгейлі цифрлық білім ресурстарын дамыту қажеттігі туралы айтып өтті.

«ЦБР – бейне және интернактивті сабақтар. Еліміздегі мыңнан астам мектеп, олардың ішінде Назарбаев зияткерлік мектептері «BilimMediaGroup» компаниясы ұсынған ресурстарды 2014 жылдан бастап қолданып келеді. Биылғы жылы 11 мыңнан астам «үштік» — компьютер, процессор және экраннан тұратын жинақтар алынбақ. Ең алдымен ауыл мектептері және интернетке қосылу мүмкіндіктері жоқ білім ошақтары жабдықталады», — деп түсіндірді ол.

Айта кетейік, былтыр осындай 7 300 комплект алынса, 2018 жылы 12 мың жинақ сатып алынады.
Ескерту!

Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде