jasqazaq.kz

Қазақ балуаны Олимпиада чемпионын жеңді (видео)

27 ақпан 2017, 12:46

Қарағандылық балуан Ержан Шынкеев дзюдодан Дюссельдорфта өткен Гран-при сериясында қола жүлдегер атанды. Ол басқа емес, әлем және Олимпиада чемпионы, чехиялық Лукаш Крпалектен басым түскен.

Аса ауыр салмақта белдескен Ержан Шынкеев Германиядағы турнирде Бразилия және Грузия балуандарын жеңді. Алайда, өз тобынан шыға алмай, жапондық балуанға жол берген болатын.

Жұбаныш белдесуінде Шынкеев украиналық балуанды ұтып, қола жүлдеге таласу мүмкіндігін алды. Ал қола үшін тартысты Ержанды басқа емес, 2015 жылғы әлем чемпионы, Рио Олимпиадасының жеңімпазы Лукаш Крпалек күтіп тұрды.

NUR.KZ хабарлағандай, Ержан мен Крпалек арасындағы тартысты белдесуде «юко» ұпайын алған жерлесіміз жеңіске жетті. Дзюдо жанкүйерлері үшін Крпалек секілді әйгілі балуанның айтарлықтай жетістігісі жоқ Шынкеевтен ұтылғаны күтпеген «тосынсый» болғаны сөзсіз.

Ержан Шынкеев қазақ күресінде де бақ сынайды. 2013 жылы «Қазақстан Барысы» турнирінде Бейбіт Ыстыбаевпен кездесіп, даулы жекпе-жек қорытындысы бойынша финалған шыққан болатын.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде