jasqazaq.kz

Айсәуле Бақытбекқызы: Әкешім, сені сағындым!

24 ақпан 2017, 11:24

Айсәуле Бақытбек әкесі Бақытбек Есентаев туралы алғаш рет пікір білдірді. Ол әкесін жақсы көретінін және оны қатты сағынып жүргенін жеткізді. Айсәуле әкесін отан қорғаушылар күнімен құттықтап, оны үйге қайтару үшін барын салатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Сені жақсы көремін, әкешім, және қатты-қатты сағындым! Сен менің ең негізгі қорғаушымсың. Сені мерекеңмен құттықтаймын! Біз барлығымыз қателесеміз, тіпті, кейде кешірілместей ағаттық жібереміз, алайда бастысы оны түсініп, істеген ісіңе өкініп, әрі қарай өмір сүруге күш табу. Біз барлығын жеңеміз, сен қазіргі өмір сүріп жатқан жағдайға лайық емессің, әділдік салтанат құруы тиіс. Меніңше, судьялар елді шулатқан іске қатысты көп жыл беру арқылы халыққа бірдеңені дәлелдеуге тырысуды доғарулары керек. Барлығының түкіргені бар, халық ұмытады, ал біз жоқ, біздің жанымыз ауырады. Сен үшін әрқашан күресетін боламын, сені жылы әрі салтанатты үйіңе, асыға күтіп отырған балаларыңа қайтару үшін қолымнан келгенін жасаймын. Бәрі жақсы болады”, – деп жазады Айсәуле.

Оның бұл жазбасы көптің талқысына түсті. Небәрі бірнеше сағаттың ішінде 1000-нан аса желі қолданушысы оған пікір қалдырды.

Көпшілік Айсәуленің тілегінің орындалауын тіледі. Желі оқырмандары жазбаны оқи отырып көздеріне жас алғандарын жеткізді. Ендігілер бұл іске Айсәуленің анасын кінәлады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде