
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Конституцияның 26-бабына ұсынылған өзгерістерге қатысты пікір білдірді.
Облыс әкімі халыққа есеп беру кездесуінде шекарадағы жерлерді шетелдіктерге беруге жол беруге болмайтынын мәлімдеді.
«Қызметке тағайындалғанымда бөлмеме Қытайдың инвестор-миллиардері кірді. Ол шекара аймақтарындағы жерлерде егін шаруалығымен айналысқысы келді. Жартылай шөлге айналған жер учаскесіне ол өз қаражатынан коммуникация тартып, шөлде «оазис» жасағысы келді. Бірақ осындай стратегиялық аймақты жерді беруге бола ма? Бірде-бір сантиметр жерді шетелдіктерге бермейміз. Жер мәселесі ұдайы бақылауда», — деді Амандық Баталов.
Tengrinews.kz хабарлағандай әкім облыста ауыл шаруашылығына арналған 8 миллион гектардан аса жер бар екенін айтты.