jasqazaq.kz

Жанкүйерлердің мазағына шыдамаған футболшы көзіне жас алды (видео)

20 ақпан 2017, 20:56

Сербия чемпионатында «Рад» және «Партизан» (0:1) командалары арасындағы ойын даумен аяқталды.

tengrinews.kz хабарлағандай, финалдық ысқырық шалынған соң «Партизан» клубының хавбегі Эвертон Бильер қарсылас команданың жанкүйерлерінің қорлығына шыдай алмай, ортаңғы саусағын көрсеткен. Оның айтуынша, ойын барысында ол нәсілшіл айыптауларды естумен болған. Осы әрекеті үшін судья оған ескерту жасаған.

«90 минут бойы мені нәсілшіл айыптаулармен қорлады. Мен қарсылас команданың осы жағдайды құптағанына көңілім құлазып кетті. Барлығы маған шабуыл жасады. Мұны тезірек ұмытқым келеді. Мен Сербияны жақсы көремін, маған халқы ұнайды, мен сол себепті де жыладым. Өтінемін, нәсілшілдікке жоқ деңіздерші», — деді Эвертон.

Ойын аяқталғаннан кейін «Рад» клубының өкілдері Бильерге қатысты нәсілшіл айыптаулар болмағанын айтты. Олардың ойынша футболшының өзі жанкүйерлерді осыған итермелеген, ал БАҚ осыны «дабыраға айналдырып жіберген». Сонымен қатар, «Партизан» командасының басқа да ойыншылары камерундық Леандре Тавамба (бұрын «Қайрат» сапында ойнаған) және бразилиялық Леонардаға қатысты еш уақытта қорлауға тап болмаған.

28 жастағы Бильер 22016 жылдың қаңтарынан бастап «Партизан» намысын қорғап жүр. Бұрындары ол Швейцария, Мексика, Румыния және өзінің отаны Бразилия құрамалары үшін ойнаған.

https://www.youtube.com/watch?v=bbOMawCaIU4&feature=youtu.be

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде